Пробация есебіндегі азаматтардың балаларына оқу құралдары таратылды

«Мектепке жол» акциясы аясында Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қазалы аудандық прокуратурасы, аудандық жастар ресустық орталығы және «
Сауал» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтардың 12 баласына мектепке қажетті құрал-жабдықтар берілді. Балаларға оқу құралдары, сөмкелер таратылды. Бұл акцияның мақсаты- аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына кезеңінде әлеуметтік көмек көрсету.
Аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Ербол Сражатовтың айтуынша есептегі азаматтарға әлеуметтік көмектер жиі көрсетіледі.Жыл басынан тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға демеушілер дің көмегімен азық-түліктер берілген.Бүгін міне олардың балаларына оқу құралдары беріліп отыр. Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 90 -ға жуық сотталған есепте тұрады.Олармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады.Алдағы уақытта да әлеуметтік көмектер көрсету жалғасын табатын болады деді әділет подполковнигі Ербол Сражатов. Көмек алған есептегі азаматтар пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Бүгінгі акцияда балаларыма оқу құралдары берілді. Екі балам мектепке барады. Әлеуметтік көмек алғаныма қуанып отырмын. Біздің жағдайымыз ды зерделеп, көмек алуға ұсыныс берген пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғысым шексіз — дейді есептегі азамат.

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...