22.02.2022 жылы Қызылорда қалалық пробация үйінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында жиын өтті.
Жиында ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны А.Кыясов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс — қимылдарға қарсы тұруы, заңмен белгіленген шектеулерді сақтау жөнінде мәселелерді түсіндірді.
Жиын соңындаа Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ж.Есмаханов әрбір мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке, адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындап , тиісті деңгейде жұмыс атқару керек екендігін айтты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД