Жаңақорған аудандық пробация қызметінің қызметкерлері пробация есебіндегі азаматқа әскери билетін алуына ықпал етті. Пробация есебіндегі Е есімді азамат әскери билетін жоғалтып алып, пробация қызметкерлерінен көмек сұраған. Пробация қызметкерлері оның керекті құжаттарын жинақтап, тиісті органға тапсырған. Бір апта ішінде дайын болған әскери билетті пробация қызметкерлері есептегі азаматтың қолына табыстады.
«Мен пробация қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Пробация қызметкерлері әлеуметтік жағдайымызды тексеріп, қажетті көмекті алуға ықпал жасайды. Бұған дейін азық-түлік өнімдерін алуға көмек көрсетті. Енді бүгін өз қателігімнен жоғалтып алған әскери билетім қалпына келтірілді. Өзім шалыс басып істі болдым. Қателігімді түсіндім. Арманымда жоқ емес. Отбасымды адал еңбегіммен асырап, балаларыма үлгілі әке боламын» — дейді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД