Ағымдағы жылдың 20 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан полициясы мерекесіне орай ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «30 жыл – құқық тәртібінде» атты республикалық көркемөнерпаздар вокалдық байқауы өтті.
Байқауға әр өңірдің Полиция департаментінен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен, Мамандандырылған күзет қызметі басқармалары мен ведомстволық оқу орындарынан келген өнерпаздар қатысты. Отыз жылдыққа арналған бұл конкурста 55 қатысушы көрермендерге өнерін паш етті.
Осы байқауға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Индира Даутбаева қатысып, жеке өз өнерін көрсетіп, үздік атанып ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.Ахметжановтың ІІІ дәрежелі дипломантымен марапатталды.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД