12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаға  жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды

20.10.2022 жылы Петропавлда есепте тұрған, жазасын өтеуден жалтарған және қайталама қылмыстар жасауға бейім сотталғандарды шақыра отырып, көрсеткіштік сот процесі өткізілді.

«Бас бостандығын шектеу» санаты бойынша есепте тұрған сотталған А.-ға қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі өтелмеген жаза мерзімін ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материал қаралды. Сотталған адаммен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жазаны өтеу уақытының қысқа мерзімінде сотталған адам оған сот жүктеген міндеттерді бұзуды жалғастырды, сондай-ақ пробация қызметінің талаптарын орындамады, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын шектеу түрінде бірқатар бұзушылықтарға жол берді.

Осылайша, бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның жеңіл түрімен алмастырған соттың сенімін ақтамады. Соның негізінде, сотталған адамға Петропавл қалалық сотының қаулысымен бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, бас бостандығынан айыруға екі жыл бір күн мерзімге ауыстырылды. Пробация қызметінде есепте тұрған, жазасын өтеуден жалтарған сотталғандар жазаны ауыстыруға куә болды.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы

пробация қызметі бөлімінің инспекторы

әділет лейтенанты   

М.Нуралина

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...