Психологиялық көмек — бұл адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға және жеке адамға да, топқа да, ұйымға да психологиялық көмек көрсетуге бағытталған психологияны практикалық қолдану саласы.
Қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар психологиялық көмек пен психологиялық қолдауды қажет етуі мүмкін екендігі күмән тудырмайды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан сотталған адам қандай да бір дағдарысты бастан кешіреді. Белгілі бір уақыт аралығында қылмыс жасағаны үшін сотталған адам бас бостандығынан айыру орындарында болды және қоршаған қоғамдағы нақты өмір салты мен мінез-құлық нормаларына бейімделді.
Осыған байланысты Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр аудандық пробация қызметінің қызметкерлері «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға психологиялық көмек көрсетті.
Психологпен әңгімелесу кезінде сотталған адам оны толғандыратын мәселелер, өзінің өмірлік ұстанымы туралы айтты. Сотталған психологпен жұмыс барысында әртүрлі тренингтер, сондай-ақ мотивациялық әңгіме әдісі қолданылды.
Қабылдау соңында сотталған «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологына, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр аудандық пробация қызметінің инспекторына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.


