Алатау ауданының пробация қызметінің жұмысы есепте тұрған сотталушыларды бақылауда ұстау ғана емес, сонымен қатар олардың қоғамда одан әрі әлеуметтенуіне көмектесу болып табылады. Сотталғандардың арасында әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар кездеседі.
Осыған орай 2022 жылдың ақпан айында Алатау ауданы пробация бөлімінде есепте тұрған 15 сотталушыларға, олардың отбасыларына «РЕВАНШ» ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚОРЫ» қоғамдық қорынан киім-кешектер, аяқ киімдер, азық-түлік түрлерімен көмек көрсетілді. Ұйымның миссиясы «Халықтың негізгі топтары үшін медициналық қызметтерге және әлеуметтік бағдарламаларға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету». Бұл топтарға: АҚТҚ жұқтырғандар, түрмеден шыққандар, есірткіні пайдаланатындар және олардың жақын ортасы жатады. Ұйым тарапынан есепте тұрған сотталушыларға АҚТҚ жұқтырмаудан сақтану және алдын алу үшін медициналық көмек кеңестері берілді, тіркеу, жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру, уақытша тұру, заңгерлік көмек, психологиялық кеңестер, оқу курстары, жұмысқа орналастыру, моральдық қолдау көрсету қызметі қажет болған жағдайда тегін көрсетілетіндігі түсіндірілді.
Көмек көрсетілген жандар тарапынан «РЕВАНШ» әлеуметтік көмек қорына алғыс айтылды.
Е.Жумагожаев,
Алатау аудандық ПҚБ бөлімінің аға инспекторы капитан