12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация қызметі мен полиция бөлімінің қызметкерлері сотталғанның өмірін құтқарды

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев атындағы аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Г.К. Байбусиннің учаскесінде тұратын сотталғандармен профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында күн сайынғы қоңырау шалу кезінде сотталғандардың бірі байланысқа шықпады. Электрондық бақылау құралы арқылы орналасқан жерді анықтау әрекеті де сәтсіз аяқталды, себебі заряд деңгейі нөлге тең болды, соңғы мәліметтер бойынша, сотталған тұрғылықты жерінен кетпеген.

Әділет аға лейтенанты Г.К.Байбусин учаскелік полиция инспекторы капитан В.В.Охременкомен бірлесіп мән-жайды анықтау үшін сотталған адамның тұрғылықты жеріне барған, алайда үйдің есігі ішінен құлыпталған болған. Үй ішінен өрттің өткір иісіп шығып, терезеден түтін көрінді. Терезедегі әйнекті сындыру туралы шешім қабылданды. Үйге кірген тәртіп сақшылары сотталғанды төсекте ес-түссіз жатқан күйде тапты. Дереу алғашқы медициналық көмек алған сотталған Булаево қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізіліп, жүйе алғаннан кейін есін жиды.

Ұйықтар алдында сотталған темекі тұқылын, отын мен қағаз салынғанына және пеш үрлеуіші жабық болғанына қарамай, пешке лақтырып жіберді. Сондай-ақ пештің жанында болған пластикалық шара еріп, қою қышқыл түтін шығара бастады.

Сотталған пробация және полиция қызметінің қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. ІІО қызметкерлерінің қырағылығы мен уақытылы көрсетілген алғашқы медициналық көмектің арқасында адам өмірі құтқарылды.

Тәртіп сақшылары осындай жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...