Наурыздың 14-і мен 23-і аралығында өтетін «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы да сырт қалмады.
№1-2 Көкпекті аудандық пробация қызметі мен Көкпекті аудандық полиция басқармасы ЖП қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды күндізгі және кешкі уакытта тұрғылықты жері, жұмыс орны және оқу орны бойынша тексеруде. Ол әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру және қылмыстың қайталануын уақыттылы анықтау үшін жасалады.
Жалпы бұл шара ҚР Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №166 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ 2022 жылға арналған операциялық жоспарының 115-тармағы бойынша жүзеге асуда. Ол полиция бөлімшелерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-кимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметінде есепте тұрған сотталған тұлғалардың тарапынан жаңадан құқық бұзушылықтар және кайталама қылмыстың жасауының алдын алуға бағытталған.
М.Тюлюбергенев,
ШҚО бойынша ҚАЖД № 2 Көкпекті аудандық ПҚБИ нспекторы,
әділет аға лейтенанты