Пробация есебіндегі сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін…

Ырғыз аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдармен бекітілген жоспарларға сай жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда бұл орайда Жұмыспен қамту бөлімі, Ырғыз ауылдық округі, жастар ресурстық орталығы, «Атамекен» КП филиалымен меморандум және жергілікті полиция қызметімен бірлескен жоспарлар бекітіледі.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы есепте тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық көмек беру мақсатында Ырғыз аудандық пробация қызметінің ықпалымен 2022 жылы 9 есепте тұрған сотталған тұрақты және уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Сонымен қатар, сотталғандарға тегін көмектер, яғни пробация қызметінің қолдауымен есепте тұрған сотталғандар дәрігерлік тексерулерден өтіп, психологтардың көмегі көрсетілуде. Осы орайда, жыл басынан бері есепте тұрған 6 сотталғанға медициналық тегін көмек жасалды.

Одан бөлек, Ырғыз аудандық пробация қызметімен 2022 жылы «Атамекен» КП филиалына 2 сотталған «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқуға жолданып, онлайн оқуларын бітіріп сертификат алып, өз кәсіптерін ашып, дөңгелетуде.

«Пробация есебінде тұрған сотталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік-құқықтық көмек беру жұмыстары келер жылыда жалғасын табатын болады»,- дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Есет Әбдіразақов.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...