Пробация есебіндегі сотталғандар аудан жастарымен экскурсияға шықты

Бүгін Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, «Жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған жастары жазиралы даламыздың сырын ішіне бүккен құпиясына бір үңілмекке экскурсияға шықты.

Экскурсияға тарихқа қызығушылығы жоғары мектеп оқушылары, аудандық пробациялық қызмет тізіміндегі жастар мен жұмыссыз жастар қатысты.
Алдымен жастар «Ақтас мешіті» мен «Айқожа ишан» кесенесімен танысты. Атағы тек Сыр өңіріне ғана емес, біршама мұсылман қауымына белгілі болған Айқожа ишан дін Ислам жолында имам болып, шәкірттер тәрбиелеген. Республикалық маңызы бар тарихи мұралардың қатарына енген Ақтас мешіті 1884 жылы салынған.
Келесі кезекте Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған — Сауран қаласының орнымен танысты. Аудандық мұражай қызметкері Құралай Дармен Сауран қаласы жайлы алғашқы деректер араб саяхатшыларының жазбаларынан кездесетінін атап өтті.

«Бүгінгі сапардан ерекше әсер алдым. Өз тарихыңды білу әрбір азаматтың парызы. Сапардың соңғы нүктесі тарихтағы ежелгі қалашық Сығанаққа барып, қаланың тарихымен танысып, мол мағлұмат алды. Сапар соңында Сығнақ қаласында дүниеге келген ғұлама ғалым, әрі ақын Һисамиддин Сығнақи (Сунақата) рухына құран бағыштап, жолсапарды түйіндедік. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз»,-деді есептегі азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...