12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік дүкеннен тегін киім мен теледидар берілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп, есептегі азаматтарға көмек көрсетті. Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік дүкенінен тегін киімдер мен тұрмыстық техника (теледидар) берілді.
Бұл дүкеннің негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету, көмек қолын созу. Дүкенде киім-кешек, ойыншықтан бастап, тұрмыстық техникаға дейін бар.
«Өнеге» қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен ашылған әлеуметтік дүкеніне қала тұрғындары көмек қолын созып дүкенге киімдер, тұрмыстық техникаларын өткізеді екен. Бұл дүкеннен, тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасылар және пробация есебіндегі азаматтар құжаттарын көрсету арқылы ала алады.
«Пробация қызметінің көмегімен дүкеннен өзіме қажетті киімдерді тегін алдым. Үйдегі теледидарым бұзылып тұрғанын айтқанымын, теледидар да қосып берді. Пробация инспекторы мен жұмыспен қамту бөлімінің мамандарына алғыс айтамын»,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі орташа мекемесінде қате таңдау бағасы туралы фильмдер көрсетілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№79 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалар арасында «Мисс Пампушка» байқауы өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №79 мекемесінде жазасын өтеуші...