25.03.2022 жылы Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Д.Тлеумбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген аудандық пробация есебіндегі Е. есімді азамат өзінің тұрғын үйге мұқтаждығын айтып жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары азаматтың өтінішін орындауды Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі бөліміне тапсырып, аудан орталығындағы жатақханадан екі бөлме берілетін болып оң шешімін тапты.
«Жеке мәселемнің оң шешімін тапқанына қуаныштымын. Баспана мәселесімен қиналып жүр едім. Ата-анам, інім, қарындасым бар. Тапқан табысым пәтер жалдауыма кететін еді. Енді, міне тегін тұруға жатақханадан 2 бөлме беріп жатыр. Алдымен пробация қызметіне алғысымды айтқым келеді. Менің тұрмыс жағдайымды көріп, көмек көрсетіп, әкім орынбасарының қабылдауына жаздыртып, жеке мәселеммен баруыма көмек көрсетті», — деді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД