12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Президент өз билігін бөліп береді». Суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту не білдіреді?

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан кетіп, төрағалығын тоқтатты. Мемлекет басшысы суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартты. Бұл нені білдіреді? Tengrinews.kz тілшісіне Заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасулов жауап берді. 

Профессордың сөзінше, кеше Қазақстанда саяси реформаның ізі көрінді.

«Президенттің конституциялық міндеті – биліктің барлық тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Тоқаев наурыздағы Жолдауында ел Президенті өз өкілетін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияның мүшесі болмауы керек деген норманы Конституцияға бекітуді ұсынды. Кеше Мемлекет басшысы Amanat партиясынан кетіп, саяси реформа жасады», — дейді ол.

Ермек Абдрасулов Президент партиядан кеткен соң, қандай өзгерістер болатынын жеткізді.

«Парламенттегі депутаттардың басым бөлігі Amanat партиясынан сайланды, ал ол партияны басқарған Президент Тоқаевтың өзі болды. Демек, бұған дейін депутаттар Мемлекет басшысына тәуелді болып келді. Енді Президент партиядан кетіп, депутаттар тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік алды. Парламенттің, мәслихаттың өкілеттіктері күшейді. Бұл жағдай өз кезегінде жаңа партиялардың пайда болуына әкеледі», — деді Заң ғылымдарының докторы. 

Оның сөзінше, Президент суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі бас тартып отыр. 

«Суперпрезиденттік басқарудың артында не жатыр? Енді Президент өз өкілетінің басым бөлігін басқа билік институттарына бөліп береді. Оның ішінде Үкімет, Парламент және жергілікті билік органдары бар. Тағы бір мысал келтірейін, қазір Президент елдегі кез келген жоғары лауазымды тұлғаларды өзі тағайындай алады, ал суперпрезиденттік басқару формасының күші жойылса, бұл жағдай өзгереді. Яғни, Президенттің билігі шектеледі. Бұл қадам Қазақстанның ішкі саясатының жоғары деңгейге көтерілуіне тікелей әсер етеді», — дейді Абдрасулов.

Қазақстан халқының 30%-ға жуығы құмар ойындарға қатысқан

Қазақстан халқының 29%-ында құмар ойындар мен лотереяларға қатысу тәжірибесі бар. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков ведомство алқасының отырысында мәлімдеді.

1 ақпаннан бастап не өзгереді?

Қасиетті Ораза айы 19 ақпаннан басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызда атап өтіледі.

77 бап: Конституцияның 84 пайызы өзгереді

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды.

Қазақстанда алкоголь сатуға шектеу қойылуы мүмкін

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз брифингінде депутаттардың алкоголь саудасын шектеу жөніндегі ұсынысына пікір білдірді.

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі, олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.