spot_img
spot_img

Президент қызметі туралы үш томдық жинақ жарық көрді

резидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған жинақта Мемлекет басшысының ішкі саяси іс-шараларда, шетелде өткен жиындарда сөйлеген сөздері және оның отандық, халықаралық мәселелерге қатысты үндеулері мен мәлімдемелері қамтылған. Сонымен қатар кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2022 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдаулары енген.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылғы қызметінің қорытындысы ретінде осы жинақты көрермендерге ұсынып отыр. Сондай-ақ жинақта Мемлекет басшысының қатысуымен өткен іс-шараларда түсірілген суреттер берілді. Кітапта жарияланған материалдарды қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құнды әрі пайдалы құжат деп санаймыз», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр.

Конституциялық ережелер түсінікті, қисынды және стилистикалық тұрғыдан дұрыс болуы керек – Әділет министрі

Қазақстанда елді мекендер үшін арнайы құқықтық режимдерді конституциялық тұрғыдан...

Принципы научной деятельности должны быть регламентированы Конституцией

Отсутствие четкой регламентации научной деятельности в Казахстане на уровне...

Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс

Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында...

Жақып Асанов: жеке деректердің қорғалмауы – мемлекетке тікелей қауіп

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа...

Сотта тәртіп сақтау баршаға міндет

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы»...