12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Президент Украинадағы қазақстандықтарды елге жеткізу жұмысын жіті қадағалап отыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр.

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр. Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды» деп жазды ол Telegram парақшасында.

Борьба должна быть системной

ЧИСЛО ПРЕСТУПЛЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С ИЗГОТОВЛЕНИЕМ И РАСПРОСТРАНЕНИЕМ НАРКОТИКОВ, РАСТЕТ...

Сараптама жасалса, ақиқат анықталар еді

​«Көмектесіңіздер! Қызымның темір торға түскеніне қарсымын!» деп шырылдаған ана...

Маулен Ашимбаев: культура диалога и согласия — ключ к преодолению глобальных вызовов

Каждая страна должна чувствовать ответственность и вносить свой вклад...

Мәулен Әшімбаев: Диалог пен келісім мәдениеті – жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің кілті

Әрбір мемлекет тұрақтылықты нығайтуға жауапкершілікпен қарап, диалог пен келісім...

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференциясы өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Астана...