spot_img
spot_img

Президент Тоқаев Головкинді туған күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған.

«Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін», — деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының шаршы алаңда ертең өтетін кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бүгін, 8 сәуірде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 40 жасқа толды.

Судебный кабинет

Судебный кабинет – это единое окно для доступа к электронным...

Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін...

TALQYLAU: Цифрландыру мен жасанды интеллект – елдің басты басымдықтары

Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетті. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің...

Кассациялық сот туралы

Елімізде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап апелляциялық және қайта...

Новый «Патруль», «Заманback» и «Qazaq alemi»: Кинопоиск собрал казахстанские хиты кинопроката

Казахстанское кино стало по-настоящему массовым феноменом, и теперь лучшие...