Президент Сенаттағы президенттік квотаны қысқартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттағы президенттік квотаны қысқартуды ұйғарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте әлсіз ұсынылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым», — деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президент Парламенттің төменгі палатасы кез келген адамға жасанды преференциялар бермей, елдің бүкіл электоралдық ландшафтын көрсетуі керек екенін айтты.

«Осылайша, Біз Мәжілістегі ҚХА квотасын алып тастаймыз, бұл, менің ойымша, саяси және заңды тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа ауыстырылады және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады. Тиісінше, Мәжілістегі депутаттық орындардың жалпы саны азаяды», — деді ол.

РЕКЛАМАngphaselisbay.comПерейтиРЕКЛАМА

Тоқаев шамадан тыс президенттік өкілеттіктерден бас тарту — елдегі саяси жаңғырудың қайтымсыздығын қамтамасыз ететін маңызды фактор болатынын мәлімдеді.

«Ұсынылып отырған бастамалар «ойын ережелерін» түбегейлі өзгертеді және біздің қоғамымызды одан әрі демократияландырудың берік іргетасын қалыптастырады», — деді Президент.

Тоқаевтың халыққа Жолдауы республикалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.