Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнаманы кімдер жүргізеді?

Алда өтетін президент сайлауында қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық сауалнама жүргізу үшін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) мен AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институты жеке меншік мекемесінен өтініш түсті», — делінген ҚР ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұд туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы екенін еске салады.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ, қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейтініне назар аударамыз. (Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).

Заңның бұл талаптары сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңінде өткізілетін қоғамдық пікірге сауал жүргізудің барлық түрлеріне қолданылады.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.