Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!» – деп жазды Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.