Президент «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісімен кездесті

Президент «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.

Динара Тілендиева Қазақстан Президентіне «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.

Атап айтқанда, ол бірқатар перспективті жобаны жүзеге асыру жайында, оның ішінде италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады.

2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...