12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Президент «Наурыз Фест» фестивалін тамашалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Абай» алаңында өтіп жатқан халықаралық «Наурыз Фест» фестиваліне барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, бұл шығармашылық шара Наурыз мейрамын тойлайтын елдердің – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктірді. Шетелдік қонақтар өздерінің декоративті-қолданбалы өнер туындыларын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырып, халық әндерін шырқады.

Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған.

Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және «Қамшы» атты көрме ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысына оқушылардың роботты техника саласындағы озық әзірлемелерін көрсететін инновациялық алаң – «Робо-киіз үй» таныстырылды. Бұл жұмысты Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Global Challenge 2023 чемпионатының абсолютті жеңімпаздары Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал, Сергей Гапонов, Нұрсұлтан Жанұзақов, Нұрислам Тұрғынбай әзірлеген.

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қалай өседі? Министрлік жауабы

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыға 6,8 триллион теңге...

Қазақстаннан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады.

ҰҚК жаңа қызметінің басшысы тағайындалды

Нұржан Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры болып тағайындалды.

10 шілдеде Алматының бір бөлігінде су ажыратылады: көшелер мен үйлер тізімі

Алматының бірнеше шағынауданының тұрғындары жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты бір күн сусыз қалады.

Трамп Қазақстанның барлық тауарына 25 пайыз баж салығы cалынатынын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вашингтон 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабардар етіп, хат жолдады.