“Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе“ — Тоқаев сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікір білдіргенін және Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударғанын айтты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.

«Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді.

Бұл ретте, мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет», — дйеді Президент.

Тоқаевтың сөзінше, бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным.

«Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!».

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді

Қазақстандағы риелторлар: Олардың табысы қанша және жаңа талаптар не үшін керек? 

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеуді күшейту жоспарланып отыр. Тиісті заңнамалық түзетулер пакеті қазірдің өзінде Құрылтайдың қарауына жіберілген.

Алматыда 200-ге жуық жеке үй сүріледі: Қай көшелердегі үйлер бұзылады? 

Алматыда реновация бағдарламасы аясында ескі көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке үйлерді де бұзу жұмыстары басталды,

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін 

Index Watch-Positive мәртебесін беру Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялануы үшін маңызды кезең саналады. Бұл инвесторлар базасын кеңейтіп, шетелдік инвестиция тартуға және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.