12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Премьер-министрдің міндетін атқарушы жиын өткізді

Әлихан Смайылов газ саласын дамытудың кешенді жоспарын пысықтауды және Маңғыстау облысында сұйытылған газ өндіретін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық жағдайына мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдетуді тапсырды. Сұйытылған газ сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын реттеу, сұйытылған газды электрон сауда алаңы арқылы өткізуге көшіруді бір жыл ішінде жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекеттік органдар сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізу қажет. Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу туралы айтылды.

Премьер-министрдің міндетін атқарушы сұйытылған газ, бензин және дизель бағаларын 180 күн мерзімінде мемлекеттік реттеу бойынша тиісті нормативтік құжатты қабылдауды тапсырды. Мүдделі мемлекеттік органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын реттеуге қатысты қажет шаралар қабылдау тапсырылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері өңір әкімдіктерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қайталама тұрғын үйге жалдау ақысын субсидиялау мәселесін пысықтап, Үкіметке ұсыныстар енгізуі тиіс. Қаржы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын әзірлеу тапсырылды. Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері денсаулық сақтау мен балаларға қатысты проблеманы шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды қамтамасыз ету қажет.

«Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша айтылған шараларды кідіріссіз қабылдауды тапсырды», — деді Ә.Смайылов.

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...

НА ПРИНЦИПАХ ТРАНСПАРЕНТНОСТИ И ИНКЛЮЗИВНОСТИ

Деятельность Комиссии по конституционной реформе демонстрирует системный и научно...