spot_img
spot_img

Премьер-министр мектеп формасының бағасы бойынша үкіметке тапсырма берді

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов оқушылардың мектеп формасы мен кеңсе тауарларының бағасын ұстап тұру мақсатында бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Ата-аналар балаларының мектеп формасы мен аяқ киімдерін, оқу құралдарын түгендеу қамына кірісті. Алайда олардың бағасы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әлбетте, баға саясатына әлемдік логистиканың қымбаттауы, шикізат пен қызметтердің құны тікелей әсер етеді. Бірақ Үкімет пен әкімдіктерде қазақстандықтар үшін қаржылық шығындарды жеңілдетуге мүмкіндік беретін механизмдер бар”, – деп жазды үкімет басшысы.

Бұл ретте, Смайылов мынадай шұғыл шараларды қабылдауды тапсырды:

  • Біріншіден, мектеп формасына бағаны ұстап тұру үшін Индустрия министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және әкімдіктермен бірлесіп, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының, ірі тігін цехтары мен ательелердің өкілдерімен келіссөздер жүргізеді;
  • Екіншіден, Сауда министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және әкімдіктермен бірлесіп, ірі сауда орталықтарымен және базарлармен канцеляриялық тауарларға, сөмкелер мен аяқ киімдерге және басқа да керек-жарақтарға бағаларды ұстап тұру мәселелерін пысықтайды;
  • Үшіншіден, әкімдіктер «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, облыс және аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында төмендетілген бағамен мектеп жәрмеңкелерін, сондай-ақ жылжымалы мектеп автодүкендерінің шалғай ауылдарға шығуын ұйымдастырады;
  • Төртіншіден, әкімдіктер аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарды атаулы көмек көрсету үшін бекітіп береді;
  • Бесіншіден, бүгінгі таңда мұқтаж отбасыларды қолдау үшін құрылған «Жаппай оқыту» қорына өңірлердің бәрі бірдей қаражат бөліп отырған жоқ. Сондықтан әкімдерге аталған жобаны қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

“Білімді ұрпақ – біздің басты құндылығымыз, сондықтан оқудың барлық кезеңінде оларға қолайлы жағдай жасау, қамқорлыққа алып, көңіл бөлу – біздің негізгі міндетіміз. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер мен белгілеп берген бағыттар бойынша жұмыс істеуі керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болады”, – деп қосты үкімет басшысы.

В КазНУ стартовала Международная зимняя школа по социологии и социальной работе

Первый день Зимней школы В Казахском национальном университете им. аль-Фараби...

MUNIX 2026

Алматы–Наурызбай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан тарихындағы ең ауқымды...

Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды...

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудегі сот жүйесінің рөлі

Құқықтық мемлекет құру жолындағы басты құндылықтардың бірі — заң...

Негізсіз баю және оны заң аясында өндіріп алу

Қоғамда азаматтар мен ұйымдар арасында мүліктік қатынастар жиі кездеседі....