Премьер-министр КҚК жағдайына қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жөнелтуге қатысты жағдай туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«5 шілдеде Новороссийсктегі аудан соты КҚК жұмысына бір айға шектеу қойды. 6 шілдеде біз ресейлік әріптесіміз – Үкімет төрағасымен байланысып, сол күні бұл мәселені шештік. КҚК құбырының жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр. Мұнай экспортына ешқандай шектеу жоқ», — деді Үкімет басшысы Qazaqstan телеарнасындағы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласындағы аудандық сот Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Кейін Ресей соты КҚК жұмысын тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертті.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінде цифрлық технологиялардың...