Премьер-министр бизнеске қойылған барлық негізсіз талапты алып тастауды тапсырды

Премьер-министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров көлік, сауда, қоғамдық тамақтану, қонақүй қызметтері, жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен өндіру өнеркәсібі, компьютерлік бағдарламалау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ақпарат және байланыс салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдау аяқталғанын атап өтті. 

Оның қорытындысы бойынша анықталған 22 мыңнан аса талаптың шамамен 3,8 мыңы (17 пайыз) жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді, сондықтан олардың күші жойылады немесе қайта қаралады. 

Осы жұмыстың бірінші кезеңі аясында тағы жеті сала бойынша талдау жалғасып жатыр. Бұл ауыл шаруашылығы, қоймалау, құбыр көлігі, құрылыс, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу, көші-қон, авторлық құқық және аралас құқықтарға қатысты. 

Премьер-министр тиісті үйлестірудің болмауынан кейбір мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерді сақтамайтынын және бұл бекітілген жоспар-кестені орындауды кешіктіретінін атап өтті. 

«Бұл реформаның маңызды екенін тағы да қайталаймын. Үнемі кейінге қалдыра беруге болмайды, бұл туралы қанша айтуға болады? Барлық негізсіз талаптарды тезірек алып тастауымыз керек. Реттеуші актілер бойынша барлық жұмысты биыл аяқтау қажет», — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министр бизнеске қойылатын жаңа талаптарды енгізуде өте мұқият болу керектігін айтты. 

«Жаңадан қабылданатын реттеушілік талаптарға бақылауды күшейтуіміз керек. Егер «Атамекен» ҰКП тарапынан қандай да бір мәселе бойынша келіспеушілік болса, онда бұл мәселені шешу керек, бұған көз жұма қарауға болмайды», — деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар отырыста мемлекеттік бақылау жүйесін толық автоматтандыруға көшу аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін талдау аяқталып, салалық тәуекелдер матрицалары қалыптастырылғаны атап өтілді. 

Бүгінгі таңда Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесі жаңартылып жатыр, оны 2023 жылдың ортасында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, премьер-министр бұл жұмысты жандандыруды және мемлекеттік органдармен келісу мерзімдерін қысқартуды қайта қарауды тапсырды.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...