ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас басқармасы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасының бастығы полковник Серік Сарабузов Алматы және Қонаев гарнизондарына қарасты әскери бөлімдерде және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап өтер жайт, мемлекет басшыларының жыл сайынғы Жолдаулары әдеттегі жыл сайынғы міндетті шараға айналды. Жыл сайын халық та бір жыл ішінде атқарылатын шараны салмақтап, еліміздің дамуының қай санатында екенін бағамдап үлгеруге үйренді. Нәтижесінде бір Жолдаудың ішінде еліміздің барлық салаларының дамуу көрсеткіші айтылып, тұтас қоғам хабардар болатын болды. Сондықтан жыл сайынғы Президент Жолдауы қоғам үшін асыға күтетін шараға айналып отыр. Биылғы Жолдауда да еліміздің қорғаныс саласының мәселелері ортаға салынып, нақты мақсат, міндеттер қойылды. Осы орайда бұл маңызды шара “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдаудың негізгі бағыттары мен міндеттерін әскери қызметкерлерге жеткізуді мақсат етіп отыр.
Полковник Сарабузовтың айтуынша, Жолдаудың басты міндеттерінің бірі – заң мен тәртіпті сақтау арқылы әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу. Сондай-ақ, ол ел экономикасының тұрақты өсуі үшін қабылданып жатқан реформалар мен азаматтық қоғамның рөлін арттыру мәселелеріне тоқталды. Әскери қызметшілермен кездесу барысында полковник Серік Сарабузов ел Президентінің бастамалары әскери салаға да оң әсер ететінін атап өтті, себебі заңның үстемдігі мен тәртіптілік мемлекет тұрақтылығының негізгі кепілі болып табылады.
Әскерилермен әңгімелесу барысында әскери қызметшілер Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларына қолдау білдіріп, олардың Қазақстанның дамуына қосар үлесін жоғары бағалады.