12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полиция Алматыда интернет-алаяқты ұстады

Полицейлер Қазақстан өңірлері халқын ғаламтор арқылы алдап ақша алған алаяқты қолға түсірді. Құқықбұзушыны қарағандылық полицейлер Алматыдан ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Хабарламаға сүйенсек, алаяқ туралы 15 қаңтарда Қарағанды тұрғыны полицияға шағым жасаған. Ол автокөлік бөлшектерін сатып алмақ болған. Желіде «ұтымды» ұсынысты көріп, сатушымен байланысқа шыққан. Алдын ала төлем үшін 70 мың теңге талап еткен.

«Жәбірленуші сатушы сөзіне сеніп, оның шотына қажетті соманы аударған. Бірақ тауарды ала алмаған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық тергеу жүргізіледі.

24 қаңтарда жедел-іздестіру барысында қарағандылық полицейлер Алматы қаласынан күдіктіні ұстады. Ол Қостанайдың 25 жастағы тұрғыны», — делінген хабарламада.

Кейін ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға күдікті екені белгілі болды. Полиция айыпталушы Қазақстанның барлық аймағында арам ойын жүзеге асырғанын айтты.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....