ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: 10 ЖЫЛ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Ерназар Манасұлының әр жұмыс күні жауапкершіліктен басталады. Оның басты мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын күзету.
Қызметтік таралымнан кейін патрульдік полиция қызметкерлері бекітілген бағыттарға шығып, жолдағы ахуалды бақылауға алады. Ал төмендегі бейнероликтегі тәртіп сақшысы Е.Манасұлы Сауран шеп бекетін қабылдап, трассадағы көліктердің қозғалысын бақылап, жүргізушілерінің аман-есен діттеген жеріне баруын қадағалайды.
Полиция капитаны Сүйіндік Ерназар Манасұлы бұл салада 10 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді.
-Жолдағы тәртіпке бір сәт немқұрайлы қараудың өзі үлкен қауіпке әкелуі мүмкін. Сондықтан әр қызметкер өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, азаматтардың қауіпсіздігін басты орынға қоюы қажет. Жол қауіпсіздігін күзету — менің міндетім!» – дейді полиция капитаны.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...