Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 50-ден астам дерегін анықтады

Түркістан облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларға тосқауыл қойып, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өтіп, 56 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Іс-шара барысында полиция басқа да тиісті сал қызметкерлерімен бірлесіп браконьерлік, жасыл желектерді кесу, объектілер мен биологиялық ресурс өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізіп, рейд ұйымдастырды.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері шараның 3 тәулігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзудың 9 дерегін, балық аулау ережелерін бұзудың 47 фактісін тіркеді. Браконьерлерден 55 келі балық, шамамен 1500 метр болатын балық аулау торлары, 3 қайық және тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіледі.
Мәселен Сауран ауданының учаскелік полиция инспекторлары рейд кезінде Сырдария өзенінде заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынды балық аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Өз кезегінде полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1-28 ақпан аралығында өткізілетінін ескертеді. Облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...