Полиция есірткіге қарсы: студенттік жатақханалардағы профилактикалық іс-шара

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің полицейлері «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан көпсалалы колледжі мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің жатақханаларында маңызды іс-шара өткізді.

Полицейлер студенттерге есірткі және психотроптық заттарды қолдануға жол бермеу, олардың денсаулыққа тигізетін зияны, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Сонымен қатар оқу орындары әкімшілігінің келісімімен кинологтар қызметтік иттермен жатақханалардың бөлмелері мен іргелес аумақтарында тыйым салынған заттарға тексеру жүргізді.

Жастарға ақпараттық буклеттер таратып, түсіндірме сұқбаттар жүргізді. Студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін үздіксіз өткізіліп келеді.

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу полицияның басым міндеттерінің бірі болып табылады және есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету – баршамыздың міндетіміз

Сот төрелігі – қоғамдағы әділдіктің өлшемі. Ал әділ сот...

Қазақ тілі – ана тілі

Қазақ тілі – халқымыздың талай тарихи кезеңдерден өтіп, бүгінгі...

Мемлекеттік тіл – ұлттық және рухани бірліктің басты факторы

Тіл – бірліктің бастауы, ал бірлік – мемлекеттің беріктігінің...

       Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...