Полиция бір тәулікте қарызы бар 15 көлікті анықтап, айыптұраққа қойды

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол апаттарының алдын алу, қылмыстарға тосқауыл қою, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында облыс орталығында “Бір нүктелік” рейдтік іс-шарасын өткізді.
Тәртіп сақшылары бір тәулікте 366 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 16 автокөлікті айыптұраққа орналастырды. Оның ішінде «Қорғау» бағдарламасының көмегімен берешегі бар 15 автокөлік болса, 1 көлік масаң халде басқарған жүргізушіге тиесілі.
Мәселен батальон қызметкерлері Кеңесары хан көшесі мен О.Жарылқапов көшесі қиылысында қосарланған қос жолақты кесіп өткен “Daweoo nexia” маркалы автокөлікті анықтады. Аталған көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған құжаттарды заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласы мамандандырылған сотына жолдады.
Өз кезегінде түркістандық тәртіп сақшылар көлік жүргізушілерінен жол жүрісі ережесін сақтап, жылдамдық асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді. Сондай-ақ осы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар үздіксіз жүргізілетіндігін хабарлайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кассациялық сатының сот жүйесіндегі рөлі

Құқықтық мемлекетте сот төрелігінің әділдігі мен заңдылығы ерекше маңызға...

Ұлы жеңіс күні

Аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі - Жеңіс күні. ...

Апостиль қоюдың тәртібі

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...