12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер жоғалған 22 бас жылқыны иесіне тауып берді

Сайрам ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің жайылымда жүрген 22 бас жылқысын 5 күннен бері іздеп табай алмай жүргенін айтып, полицейлерден көмек сұрады. Хабарламаны алған сәттен бастап оқиға орнына сайрамдық учаскелік полицейлер шұғыл жетіп, мән-жайды анықтады.

Тұрғынмен бірге қыстаулар мен ауыл-аймақтың барлығын тексеріп, іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 24 сағат ішінде жайылымнан 4 шақырым қашықтықтан, яғни көрші ауыл маңындағы даладан жоғалған жылқыларды тапты. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында табылған жылқылар иесіне қайтарылды.
Жылқыларын жоғалтып алған тұрғын хабар алысымен өзімен бірге малдарын іздестіріп, тез арада тауып берген полицейлерге шынайы алғысын жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында полиция 18,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері үш апта ішінде 18,5 мыңнан астам...

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мыңнан астам шетелдік анықталды

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мыңнан астам шетелдік...

Сот әділдігі — жалпыадамзаттық құндылық

     Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 16-шы мақсаты – бейбітшілік...

«Алтай би қайта тірілді». Дүкен Мәсімханұлының батырға арналған дастанының тұсауы кесілді

11 қазан Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық...