Полицейлер спорттың бірнеше түрінен жарысқа түсті


Түркістан облысының Полиция департаменті жеке құрамы арасында мәдени-спорттық іс-шараларды дамыту мақсатында жарыс өтті. Іс-шара оқ ату, қол күресі, шағын футболдан ұйымдастырылды.
Полиция қызметкерлерінің денешынықтыру даярлығын нығайту бағытында өткен сайыс тартысты өтті. Нәтижесінде әріптестерінен оза шауып, жеңіске жеткендерге департамент бастығының атынан «Грамота», «Алғыс хат» бағалы сыйлықтары үлестіріліп, сондай-ақ «Динамо» бірлестігінің кубок, медаль және спорттық киімі тарту етілді.
Жүлдегерлер туралы нақтырақ айтсақ, «Макаров тапаншасынан оқ атудан» І орынды полиция аға лейтенанты Хайрулла Жарымбетов, ІІ орынды полиция подполковнигі Азамат Арыстанбаев, ІІІ орынды полиция майоры Бөгенбай Базарқұлов алды.
Ал өзінің күш атасы екенін көрсетіп, қол күресі «Армрестлинг» бойынша жүлделі І орынды полиция майоры Бақытжан Нұрходжаев қанжығасына байлады. ІІ-орын полиция аға лейтенанты Бақдәулет Алимқұловқа, ІІІ орын полиция подполковнигі Марат Смағұловқа бұйырды.
Жасыл алаңда өткен жарыста І орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасы жеңіп алды. ІІ орынға Арнайы және жұмылдыру даярлығының қызметкерлері өтсе, ІІІ орын «Ардагер» командасына берілді.
Жүзден жүйрік болып, марапатталған полицейлер ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, Қазақстан Республикасына қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...

Ученый, педагог, наставник

Имя выдающегося ученого-юриста, профессора Мажита Таировича Имашева безгранично связано...