12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдікпен 38 жастағы шетелдік азаматты құрықтады.

Күдікті ер адам түнгі уақытта құрылыс заттар сататын дүкендердің біріне терезесін бұзып, заңсыз кіру арқылы дүкеннің кассасында болған 385 000 теңгені жасырын түрде жымқырып кеткен. Тергеу

барысында анықталғандай, шетелдік азамат қылмыстық әрекетін қарыздарынан құтылу үшін қолды еткенін жеткізді.

Полиция қызметкерлері күдіктіні дер кезінде анықтап, айғақты затты тәркілеп алды.

Қазіргі таңда күдіктінің басқа да бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бірліктің берік тұғыры

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын...

Салық кодексіндегі жаңа жеңілдіктер: ескі көліктердің екінші тынысы

Статистика көрсеткендей, елiмiздiң автопаркiнiң жартысынан астамы осы жеңілдікті пайдалана алады. Әңгіме 11 жылдан асқан көліктер туралы болып отыр. Шыққанына11-20 жыл аралығындағы жеңіл көліктер үшін 30 пайыздық және ескі көліктер үшін 50 пайыздық салық жеңілдігін бекітетін норма құжатта қалды. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Сол кезден бастап жеңілдіктер қолданыла бастайды. Мысалы, 2026 жылдың ақпанында ескі автокөлікті сатқан жағдайда, оның иесіне салықты 2025 жылға дейін ескі мөлшерлеме бойынша (егер ол төленбесе), ал 2026 жылы иелену уақытында жаңа, төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлеу қажет болады. ҚР Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның ішінде жеңіл көліктер саны -...

Мәртебесі биік мемлекеттік мереке

Тұңғыш Конституцияның тарихы 1993 жылдан бастау алады. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы...

Түркиядағы Абай есімі —  бауырластықтың белгісі

2025 жылы Қазақстан мен бүкіл түркі әлемі ұлы ақын,...