spot_img
spot_img

Полицейлер қызметтік тәртіп пен кәсіби жауапкершілікке ерекше мән беруі тиіс

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек ер-азаматтарға ғана тән міндет емес. Бүгінде бұл жауапты салада нәзік болмысты, бірақ қайсар мінезді әйел полицейлер де абыроймен қызмет атқарып келеді. Солардың бірі – Түркістан облысы Кентау қаласы Полиция бөлімі Көші-қон қызметінің испекторы София Есенбекқызы Шегебаева

София Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. Туған жерінен алған тәлім-тәрбиесі, еңбекқорлығы мен табандылығы оны ішкі істер органдарындағы жауапты қызметке жетеледі. 2007 жылдан бастап ішкі істер саласында еңбек етіп келе жатқан ол алғашқы еңбек жолын Кентау қаласындағы ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөлімшесіне инспектор лауазымынан бастады.

Қызмет жолында София Шегебаева өз ісіне деген ұқыптылығы мен жауапкершілігін дәлелдей білді. Әйел адамға тән сабырлылық пен ұқыптылықты тәртіп пен талапшылдықпен үйлестіре отырып, 2022 жылы Кентау қалалық полиция бөлімі Уақытша ұстау изоляторының инспекторы қызметіне ауысты. 2023 жылдан бері көші-қон қызметі тобының инспекторы қызметін атқарып келеді. Погонды ару өзінің нәзіктігіне қарамай полицейлер арасында өтетін көптеген спорттық және мәдени сайыстарға қатысып, өзін жақсы қырынан көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған.
София өз қызметі жайлы : «Полиция саласында қызметтік тәртіпке, заңдылық пен кәсіби жауапкершілікке ерекше мән беріледі. Бұл ең алдымен кадрлық жұмыс аясында жүзеге асырылады. Заң талаптары түсіндіріледі, жеке кәсіби жұмыстар атқарылады, сондай-ақ олардың моральдық-психологиялық жағдайы бағаланады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытына ерекше назар аударылады. Бұл тәртіп сақшысының қызметке адалдығы мен «Адал полицей» ұғымын санаға сіңіруде үлкен жауапкершілік жүктейтін мызғымас ереже екені анық» — деп білемін дейді.
Погон таққан нәзік жан үшін бұл қызмет – ерлік пен төзімділіктің, кәсібилік пен адалдықтың көрінісі. Қоғам тыныштығын күзетуде әйел полицейлердің орны ерекше. Полиция аға лейтенанты София Есенбекқызы – қыз баланың қай салада болсын биік белестерді бағындыра алатынын дәлелдейтін жарқын үлгі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бурихан Нурмухамедов «Оценивать Конституцию необходимо именно по этим параметрам»

По мере того как разворачивается общественная дискуссия вокруг проекта...

Жалын Тлеуберген: Когда главным ресурсом становится идея, общество начинает развиваться по-новому

В Алматы состоялась встреча членов Общенациональной коалиции «За Народную...

Банкроттықтың өз салдары бар 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық...

«Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық...

Необычную акцию в поддержку Конституционных реформ провели во время матча столичного хоккейного клуба «Барыс»

В Астане члены общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого...