Полицей жас сақшылармен бірге кітапханада қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне арналған кездесу өткізді

Полицейлер жас сақшыларға Абай шығармашылығын дәріптеді
Қазақтың біртуар азаматы, қара сөз шебері Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында Түркістан облысының полицейлері бірқатар шаралар ұйымдастыруда.
Мәселен Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы жас сақшылармен бірге кітапханада қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне арналған кездесу өткізді. Мақсат — полиция сыныбының оқушыларын кітап оқуға баулу, Абайдың әдеби шығармалары арқылы адамгершілік пен рухани құндылықтарды бойларына сіңіру.
Шара барысында жасөспірімдер А.Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін саналарында қайта жаңғыртып, өздеріне рухани азық алып қайтты.
«Бұл игі бастама жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге зор ықпал етті»,-дейді полицейлер.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...