12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полиция департаментінде «Республика күніне» орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің ғимаратында 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы ұлттық мерекенің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев, Түркістан қаласы ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев, ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің мүшелері Сейсенбеков Айтбай, Баймурзаев Ералы қатысты. Сонымен қатар Полиция департаментінің жеке құрамы да белсене атсалысты.
Естеріңізге сала кетейік биыл, Ұлттық құрылтай отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Республика күнінің» мәртебесін қалпына келтіріп, оны ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Мемлекет басшысы: «Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды»-деп атап өткен болатын.
Сондықтан дөңгелек үстел шарасына қатысушылар Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық мерекенің тарихи маңызын талқылады. Еліміздің салт-дәстүрі, мәдениеті, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері, еліміздің әл-ауқаты мен дамуын қамтамасыз етуге тәуелсіздік алған жылдары бағытталған экономикалық және саяси реформалар көптеп жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Жиын соңында жиналғандарға 25 қазан — Республика күніне арналған бейнеролик көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Судья мәртебесі және сот әдебі

Дана халқымыз «Әділ би – елдің құты» деп бекер...

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...