«Полицияға бірнеше рет хабарласқан»: Түркістан облысында күйеуі төрт баласының көзінше әйелін өлтірген

Түркістан облысы Ордабасы ауданында Темірлан ауылында төрт баланың анасы қаза тапты. Оның күйеуі балаларының көзінше жұбайын өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға туралы “Не молчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды

“8, 7, 5, 2 сынып оқитын балалар жетім қалды. Президент бала тәрбиесі үшін жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі деген еді, ал егер балалардың әкесі мына кісі сияқты болса, неге бәрі үнсіз отырады?”, – деп жазды ол. 

Оқиға қатысты бірнеше скриншот пен көршілердің пікірін Таңсәрі желіде жариялаған.

“Жағдайдың толық мән-жайын білмеймін, бірақ оны дұрыстап зерттеуді сұраймын. Мұны білетін көршілердің айтуынша, ол есірткіге тәуелді,  бірақ бізге ол мас күйінде әйелін ұрған деп айтылды. Бұған дейін де бірнеше рет ұрып, тіпті үлкен қыздарын да соққыға жыққан”, – дейді жағдай туралы көршілердің бірі.

Жанжал туындаған сәтте үлкен қызы полицияға бірнеше рет хабарласып, үшінші рет қоңырау шалғанда бір-ақ жағдай туралы айта алған.

“8-сынып оқушысы жылап отыр, бүгін үйінде болдық. Әкем анамды бір бөлмеге кіргізіп алды да, ұрып-соқты. Қыз бірінші рет АІБ-ге хабарласқан, алайда ешкім қоңырауы алмаған. Екінші рет хабарласқанда да солай болған. Үшінші рет хабарласқанда телефонды көтерген. Анасының айқайлаған даусы жанына батса керек.


Біз оны жақсы таныған адамдармен сөйлескенде бәрі оның ешқашан шағымданбағанын айтты. Бірақ ұрып-соғу мен одан іздер әрдайым қалатын, іздері кеткенше үйден шықпай жүретін. Ешқашан сол іздерімен далаға шығып кетпейтін. Көршілері бұл туралы білетін, айтуларынша, ол көбіне есірткі қолданатын дейді. Ал милиция оның жай ғана мас болғанын айтады”, – дейді көршілері.“29.04.2022 жылы шамамен 02:45-те Ордабасы АІБ-ге жергілікті тұрғынның өлімі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция отбасылық жанжал кезінде әйел соққыға жығылғанын және алған жарақаттардан көз жұмғанын анықтады. Бұл факт Ордабасы аудандық ПБ-де ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша тіркелген. Алынған заттар сараптамаға өткізілді. Күдікті ісін мойындады. Тергеу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды”, – деді Түркістан облысы полиция департаментінде.

Полиция бұған дейін «Ордабасы ауданының тұрғыны полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрмағанын мәлімдеді. Осы күнге дейін көршілерден немесе туыстарынан жанжал туралы ешқандай шағымдар түспеген.

«Әкімдік өкілдері мен полиция бөлімінің басшылығы туыстарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де ата-аналары кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына алады деп сендірді. Сондай-ақ балаларға психологиялық көмек көрсетілді. Әкімдік пен ӨКМ тарапынан отбасына барлық қажетті көмек беру қатаң бақылауға алынды», – деді Түркістан облысы Полиция департаментінде.

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...