Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, Шаян ауылы тас жолы бойында жол-көлік оқиғасы орын алған. Белгілі болғандай, «Ваз-21150» автокөлігі қарсы жолаққа шығып, «Лада-21214» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары «Ваз-21150» жүргізушісінің көлік құралын басқаратын құжатының жоқ екенін анықтады. Сондай-ақ полицейлер жүргізушінің көлік құралын басқару құжаты жоқ бола тұра автокөлікті мас күйде басқарғанын растады. Полиция қызметкерлері Ваз-21150 автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» құжаттар жинақтап , сотқа жолдады.
Сот жол қауіпсіздік ережесін бұзғаны жүргізушіні кінәлі деп танып 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...