Полицейлер қызметкерінен ірі көлемде ақша талап етіп, алаяқтық жасаған басшыны ұстады

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Нақтырақ айтсақ, Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. Яғни арызда көрсетілгендей, мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның жұмыста қалу мүмкіндігі үшін үлкен көлемде ақша талап еткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді. Жүйелі, жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде жедел уәкілдер Келес ауданы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Яғни күдікті жәбірленушіден (басшы қызметкерінен) миллион теңге алған кезде қолға түсті. Тінту кезінде полицейлер ұсталған тұрғыннан заттай дәлел ретінде ақша тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кассациялық сот жүйесі – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты шарттарының бірі – адамның және...

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...