Полицейлер тұрғындардың малын ұрлап өткізген 2 ер адамды ұстады

Сарыағаш  полициясына  бірнеше жәбірленушілер арызданған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгісіз біреулер олардың қора-жайларынан, жайылымдардан ірі-қара малдарын  қолды еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы "Мал ұрлығы" бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 3 миллионға жуық теңгені құрады.
Орын алған қылмыстың ауырлығы ескеріліп, Сарыағаш  аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Арнайы топ мал ұрлаушыларды ұстау мен қылмысты ашуға бағыт алды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, көрген адамдар мен ауылдықтардан сұрастырды. Мал тасымалдайтын автокөлік және үй малдарын сатып алатын орындарды мұқият тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер екі ер азаматтың ізіне түсті. Олар Мақтаарал ауданының  тұрғындары болып шықты. 
Белгілі болғандай, сезіктілердің жалпы 4 жайт мал ұрлығына  қатысы бары анықталды. Олар өрістен қайтып келе жатқан, жайылымда жүрген малдарды ұрлап, өз арам ойларын жүзеге асырып, бөтеннің малын жасырып отырған. Содан үй жануарларын мал базарға апарып  сатып, ақшасын бас пайдаларына жұмсаған.  Қазіргі таңда күдікті екеу қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...