Полицейлер «Қорғау» жүйесі арқылы 5 тәулікте 1300-ге тарта көлік жүргізушілеріне түсіндірме жүргізіп, 45 көлікті айыптұраққа қойды

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең көлемді жиын өтті. Оған қалалық, аудандық Полиция басқарма, бөлім басшылары бейнеселекторлық режимде қатысты.

Мұндағы негізгі мақсат — «Қорғау – қауіпті жүргізуші!», «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен алдағы уақытта жол апатын азайту бағытында атқарылатын жұмыстарды талқылау, нақты тапсырмалар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Аталған іс-шара кезінде Полиция құрылымдарының басшыларына бірінші кезекте: тіркеуде жоқ, айыппұлын төлемей жүрген және жалған мемлекеттік белгіні тағып жүрген автокөліктерді анықтау, жүргізушілердің жауапкершілігін қарау, халыққа барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде нұсқама берілді. Яғни «Қорғау» жүйесіне енгізілген тізімге сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізу тапсырмасы жүктелді. Осы бағытта Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығындағы полицейлер бірден қызметке кірісті. Нәтижесінде 5 тәулік ішінде патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне 1297 автокөлікке қатысты бағыт-бағдар беріп, көліктердің жүрген жерлерін жеткізді. Ал тәртіп сақшылары аталған көліктердің 1252-сіне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 45 автокөлік анықталып, айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар іс-шара кезінде 4 жүргізушінің автокөлікті мас халде басқарғаны анықталды. 1 көліктің мүлдем іс құжаты болмаса, 2 көлік мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпай жүргені бойынша жауапқа тартылды. Осылайша Түркістан облысы ПД-ға басшылық лауазымға келген полиция полковнигі Б.Айтпаевтың бастамасымен, түркістандық полицейлер 1300-ге тарта көлік жүргізушісіне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертпе қағаздарын таратты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...