12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полицейлер КСРО кезіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 62 жастағы ер адамға жаңа үлгідегі жеке куәлік дайындап берді

Қазығұрт ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына 62 жастағы ер адам келіп көмек сұраған. Яғни, ол КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүргенін айтып, жаңа үлгідегі құжат алуға өтініш білдірген. Осы өтініш бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің көші-қон тобының аға инспекторы полиция майоры Есенжан Жанысбаев оның құжаттарын қарап, оған көмектесу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеп берді. Белгілі болғандай, ер адам осы уақытқа дейін жағдайы болмағанына байланысты КСРО құжатымен жүрген. Ол зейнеткерлікке шығу үшін көмек сұрағанын айтты.

Сонымен қатар көші-қон тобының аға инспекторы полиция майоры Есенжан Жанысбаевқа ерекше алғысын білдірді. Ол: «Осы уақытқа дейін өтініш білдіре алмаған едім. Тез арада полиция майоры қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» — деп атап өтті. Құрметті облысымыздың тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын әрі қарай таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар...

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...