Полицейлер қарызын қайтармаған тұрғынға күш көрсеткен ер адамды ұстады

Жетісай аудандық полиция бөліміне Мақтаарал ауданының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, оны танысы үйіне шақырған. Араларында болған түсініспеушілік соңы дау жанжалға ұласып, салдарынан өзін ұрып соққанын жазып көрсетті.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін, оқиға орнына бірден жетті. Полицейлердің атқарған жедел әрекеттерінің нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші жақсы таныстар. Олардың араларында бірнеше жылдан бері ақшаға қатысты түсініспеушілік орын алып жүрген. Оқиға болған күні күдікті ер адам «қарыз ақшаны қашан қайтарасың?» — деп, жәбірленушіні үйінде түнгі 22:00 шамасына дейін ұстап, ұрып соққыға жыққан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркеп, сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...