Полицейлер 70 пәтер ұрлығын жасап, қамауда отырған ер адамның тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады

Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне түнгі уақытта ұры түсіп, жатын бөлмесінде тұрған бағалы алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгеге жуық.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, пәтер ұрлығымен айналысқан белгісіз адамды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларының тыңғылықты атқарған жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Яғни күдікті осы уақытқа дейін істі болып, 70 жайт пәтер ұрлығына қатысы бар шымкенттік ер адам болып шықты. Сондай-ақ сезікті қазіргі таңда ірі көлемде бірнеше сериялы ұрлық қылмысын жасағаны үшін Қазығұрт АПБ-да қамауда отыр. Ол жауап алу барысында, жоғарыдағы жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскенін толығымен мойындаған.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті ер азаматтың бұдан бөлек басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға, өз үйлері мен мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңа Азаматтық кодекс – құқықтық жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи...

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Ата-ана құқықтарын шектеу – ең алдымен баланың мүддесін қорғауға...

Денсаулық – басты құндылық: №68 мекемеде вакцинация жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке...

Упор – на ранее выявление

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА ПРЕСТУПЛЕНИЯ СОВЕРШИЛИ ОКОЛО СЕМИ ТЫСЯЧ...

Аллея генералов

В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. МАКАНА ЕСБУЛАТОВА СОСТОЯЛОСЬ...