Қазақстанда қыркүйектің әр үшінші жексенбісінде Аналар күні атап өтіледі. Елімізде бұл мереке ресми түрде 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын. Биыл бұл мереке 18 қыркүйекке түсті. Жексенбі демалыс күні болғандықтан, Қылмыстық атқару жүйесі № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің біршамасы аналарына ерекше назар аударды.
АКАӘПТЖБ-нің бастығығы, әділет капитаны Ардақ Тұрманов: Анаңды Меккеге үш рет апарсаңда қарызыңнан құтылмайсың деген, мен анамның разылығына бөлену үшін, көңіліне кірбің түсірмей, қуанышқа бөлеп жүремін. Сондықтан аналар мерекесіне орай, сүйікті немерелері, қос ұлыма гүл алып бердім. Олар әжелерінің бетінен сүйіп, мерекесімен құттықтады. Бүгінгі жеткен жетістігім үшін анама алғысым шексіз.
Сол сияқты, РжКБ- нің аға бақылаушысы әділет старшинасы Алтынай Тұяқбаевада 3 бала 5-немеренің анасы Камила Орынбасарқызына гүл сыйлап, перзенттік мейірімін білдірді.
Ал, бақылаушы,әділет сержанты Қалжан Жұлдыз анасына өз жүрегінен шыққан өлең жолдарын арнады. Бұл тергеу изоляторындағы барлық қызметкерлердің аналарына деген махабатын суреттеген өлең болсын. Өйткені олар бүгінгі шыққан белесіне, аналарының берген тәрбиесі арқылы жеткені анық.
Аялаған, өсіріп мені баптаған,
Әр ісімді дұрыс көріп құптаған
Қызғыш құстай қорғап әркез жүретін,
Ақ періштемсіз, ардақтымсыз мамам.
Ұямыздың сақтап жүрсіз жылуын,
Арттырасыз шаңырақтың шаттығын.
Әжемнің адал келіні өзің анашым,
Көркем мінезді,аяулы жан ақ гүлім
Жат ісіме, ренжіп ұрсып аласың,
Ақыл айтып, дұрыс жолға саласың
Тағдыр жолы тоңдырғанда қамқор боп,
Жылытасыз баурыңызға аласыз.
Мейріміңнен мейірлендім жылындым
Көңілімді көркейтесің көңілдім
Сізге қарап өсіп едім бой түзеп,
Үлгі тұтар тұлғамсыз сіз сабырлым.
Нұрландырсын қарабайыр күніңді
Ұсынамын ақ жүрекпен гүлімді
Құттықтаймын ардақ тұтар асылым,
Аналардың мерекесімен бүгінгі