Пластикалық ота жасатқан Әлішер Кәрімов адам танымастай өзгеріп кетті

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов тағы да пластикалық отаның көмегіне жүгінді, деп жазады NUR.KZ.

Редакцияға келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Әлішер Кәрімов бүгінгі күні Ресейдің Санкт-Петрбург қаласында жүр. Әншіні суретке түсіріп алған табынушылары өнер иесінің тағы бір мәрте пластикалық ота жасатқанын айтты. Олар жолдаған фотода әншінің беті оранып тұрғаны мен мұрны бинтталғанын байқауға болады. Бұған дейін жасатқан оталарын ашық түрде жариялап келген эстрада жұлдызы бұл жолы іске асырған операциясы жайлы ешкімге тіс жармады.

Әлішер Кәрімов желіде тараған бұл ақпаратты әлі өзі ресми түрде растаған жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов бет-әлпетіне жасатқан пластикалық ота жайлы ашып айтқан еді. Өнер иесі шын мәнінде қандай операцияға бел буып, қандай мақсатпен жасатқанын баяндаған болатын.

Әнші парақшасында арнайы жазба қалдырып, онда көптеген пластикалық ота жасатты деп ойлап жүрген жандардың болжамын жоққа шығарды. Алайда, оның бұл әрекетін шоу-бизнестегі әріптестері қолдамай, пластикаға жүгінген әртісті қатаң сынға алды. Кейбір эстрада жұлдыздары сымбатты көріну үшін пластикалық ота жасатуды әбестік деп санайтын болып шықты. Олардың ойынша, ер адамның мұндай операия жасатуы тым ерсі болып табылады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...