Педагогтерден түрлі себеппен ақша жиналып жатыр — БҒМ

Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетіне білім беру қызметкерлерінен түрлі жағдайда ақша жинауға қатысты аноним шағымдар тұрақты түрде түседі. Бұл туралы ведомство өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер арасында ақша жинауға қатысты жанжал шықты. Сонымен қатар, білім беру қызметкерлері мәселені сыртқа шығаруға ұмтылмайды. Зайсан қаласындағы балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өту үшін әріптестерінен ақша жинап алған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, маман жұмыстан босатылған.

«Бізге балабақша меңгерушісі мемлекеттік аттестациядан өтуге қаражат жинап жатқаны туралы 24 балабақша тәрбиешісінен өтініш түсті. Бұл мәселені құзырлы органдар қарап жатыр», — деді ШҚО білім беру қызметін лицензиялау басқармасының басшысы Сәуле Балтабаева. 

Білім басқармасының басшысы бұған дейін балабақша меңгерушісіне екі рет сөгіс жарияланғанын түсіндірді.

Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті мәліметінше, бұған дейін Түркістан мен Алматы облысының мұғалімдері заңсыз ақша жинағаны хабарланған.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.